Париж. 7 маусым. Франция полициясы Париждегі қастандықты лаңкестік әрекет деп таныды. Бұл туралы «Рейтер» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ел астанасындағы оқыс оқиға кеше болған еді. Мұнда Нотр-Дам де Пари шіркеуі жанында ер адам тәртіп сақшысына балғамен шабуыл жасаған. Салдарынан полицей жеңіл жараланды. Жауап ретінде қарсы оқ атылып, қаскөй ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның ахуалын ауыр деп бағалап отыр. Куәгерлердің хабарлауынша, қаскүнем өзін «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» жауынгері екенін айтып ұрандатқан. Оның 40 жастағы Алжир тумасы екені белгілі болды. Артынша оқиға орны қоршауға алынып, арнайы операция жүргізілген. Соның салдарынан Нотр-Дам де Париге келген 900-ге жуық турист 2 сағат бойы шіркеуден шыға алмай, әлекке түсті.
Дереккөз: Хабар 24