Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Маравиден 300-ге тарта бала эвакуацияланды

Марави. 8 маусым. Филиппиннің Марави қаласынан 300-ге тарта бала эвакуацияланды. Барлығы автобустармен таяудағы қалаға көшіріліп, арнайы орталыққа жайғастырылған.

Айта кеткен жөн, жарты ай бұрын радикалдық ұйымның 500-ге жуық жендеті Марави қаласын басып алған болатын. Қаскөйлер мұнда жерасты туннельдеріне қару-жарақ жеткізіп, шабуылға жіті дайындалған екен. Осыдан кейін өңірде әскери тәртіп жағдайы енгізілді. Қарулы қақтығыстар кезінде 95 содырдың көзі жойылған. Ал қаза болған бейбіт тұрғындардың саны 40 адамға таяп қалды. Жауынгерлер шаһардың азат етілуіне аз қалғанын айтып отыр. Жалпы әскери операция басталғалы Маравидің 200 мың тұрғыны үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен.

Норайса Арумпак, эвакуация орталығының қызметкері:

– Маравидегі атыс-шабыс мейлінше тезірек аяқталса екен. Бәріміздің тілегіміз – осы. Өйткені бейкүнә балаларға жаным ашиды. Олар үйлеріне оралып, мектебінде оқуын жалғастыра алса, жақсы болар еді.

Дереккөз: Хабар 24 телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *