«Жамандықтың салтанат құруы үшін жалғыз нәрсе қажет,
ол – жақсы адамдардың ешқандай әрекет жасамауы»
Эдмунд Берк
Қарағанды. 9 маусым. 2 маусымында дін істері басқармасының мамандары «Нұрлы білім» ҚҰ өкілімен бірлесіп «Дін және рухани құндылықтың қоғамдағы рөлі» атты тақырыпта М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс- шара мақсаты зайырлылық пен дәстүрлі құндылықтарды насихаттау.
Бір не басқа діннің мүддесіне біржақты негативтік әрекет жасау конфессиаралық және дінаралық ұзаққа созылатын жанжалға әкеліп соғатыны туралы айтылды.
«Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранттының шеңберінде «Дін саласында ақпараттық жұмыстар жүргізу» проектісін іске асырамыз»