Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жасөспірімдерге рұқсатсық діни шараларға баруға тыйым салынбақ

Астана. 13 маусым. Қазақстанда енді кәмелеттік жасқа толмағандарға ата-анасының екеуінің де  рұқсатынсыз діни шараларға қатысуына заң жүзінде тыйым салынбақ. Бұл норма «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңның» жобасына енгізілетін түзетулер қатарында қарастырылуда.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған заңның концепциясы ведомоства аралық комиссия отырысы барысында қаралған.

—  «Бізге кәмелетке толмаған жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға тосқауыл қою мәселесін шешу туралы ұсыныстар көптеп түсуде. Бұл өте өзекті мәселе дер едім. Мұның екі жағы бар. Біріншісі – үйде діни сенімнің тым көп таңылуы. Біз ата-аналардың өз бала-шағасын өздерінің діни сенімінде тәрбиелеуіне қарсы емеспіз. Десек те, балаға діннің шамадан тыс таңылуы оның әлеуметтік ортадан шеттелуіне, жора-жолдастарымен араласпауына алып келетінін және осыдан туындайтын болашақ салдарларды ата-ана жете сезінуі керек деп ойлаймын. 

Екінші жағы – жасөспірімдердің өз беттерімен дінге бой ұрынуының қауіптілігі. Бұл жағдайда, керісінше, ата-ана балаларының неге қызығушылық танытып жүргенінен хабарсыз. Яғни, жасөспірімдердің Интернет арқылы немесе сабақ уақытында діни ғимараттарға бару арқылы дінді білуге талпынысы, өкінішке орай, көп жағдайда олардың әртүрлі жалған діни ұйымдар мен теріс ағымдардың ұстанушыларына айналуына алып келуде. Байқап отырғаныңыздай, бір ата-аналар дінге баласын тартса, екінші ата-аналар оған қарсы шығып, шағымданып жатады. Міне, осындай жағдайлармен бетпе-бет келген ата-аналар бізге хат жазып, осы мәселені заңмен реттеуді ұсынып жатады» — дейді  Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік  Арын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *