Буэнос-Айрес, 20 маусым. Хакерлер Аргентина әскерінің сайтын бұзып, онда бейне сурет және ДАИШ террористік ұйымының ақпаратын орналастырған, деп хабарлайды РИА Новости Nacion порталына сілтеме жасап.
Портал сайтта орналастырылған хаттардың бірін келтіреді.
Техникалық қолдау көрсету орталығының қызметкерлері әскер сайтының хакерлік шабуылды тексеруде, қазіргі танда сайтқа сервистік қызмет көрсетілуде, деп хабарлайды портал Аргентина қарулы күштеріне сілтеме жасап.
Дереккөз: РИА Новости