Нью-Йорк, 23 маусым. Американдық әділет министрлігі Нью-Йорк әуе жайында ИМ (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен ер адамның ұсталынғаны туралы хабарлады.
Прокуратураның ақпаратына сәйкес, ер адам Нью-Йорк қаласының Джон Кеннеди (JFK) атындағы әуе жайында ұсталынды. Бүгінгі күн ішінде ол Манхеттонның федеральды сот алдына келу керек.
«Алдын ала үйғарымға сәйкес, Бронкс (Нью-Йорктағы аудан) тұрғыны Мохаммед Райшани ИМ террористік ұйымының қатарына еніп, солармен бірге жаттығу үшін Сирияға кетпек болған. Ол ИМ «елордасына» баруға бір ер адамға көмектескеннен кейін өзінің жихад жасау арманың іске асырумен айналысқан…» — Нью-Йорктің оңтүстік округінің прокурорының сөзін келтіреді.
Дереккөз: РИА Новости