Вашингтон, 26 маусым. Хакерлер АҚШ әкімшілік сайтарының бір қатарын бұзып алып, «ИМ» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымын қолдайтын ұран жариялаған, деп Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлайды.
Хакерлік шабуылға Огайо штаты Джон Кейсик губернаторының сайты ұшыраған, бұл сайтта ИМ террористік ұйымын қолайтын хабар орналастырған. Сонымен қоса, АҚШ президенті Дональд Трамп, Кейсик және американдықтардың барлығы «мұсұлман елдерінде қанды соғыс» үшін жауап береді деген қорқыту хабары жарияланған. Ақпаратты Team System Dz тобының хакерлері қалдырған.
Дереккөз: РИА Новости