Абуджа. 27 маусмы. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында қатарынан бірнеше лаңкестік әрекет болды. Жанкештілер жасаған шабуылдардан 16 адам қаза тауып, он үші жараланған.
Содырлар ойран салған нысандардың арасында Май-дугури қаласының университеті де бар.
Бұл лаңкестік әрекетті «Боко Харам» тобы ұйымдастырған.
Айта кетейік, 2002 жылы пайда болған радикалды топ негізінен Нигерия аумағында әрекет етеді. Бірақ содырлар көрші елдерде де жиі лаңкестік әрекеттер жасайды. Олардың көздегені батыстық білім мен мәдениеттің ықпалын жойып, елде шариғат заңдарын орнату.
Дереккөз: Хабар 24