Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда «Таблиғи Жамағат» идеясын насихаттаған» алты адам сотталды

Атырау. 29 маусым. Атырау қалалық соты алты адамды Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» діни ұйымының қызметіне араласты деп айыптап, екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімдерге соттады.

Қалалық №2 соттың мәліметінше, Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының алты тұрғыны 2016 жылы Маңғыстау және Алматы облыстарында, одан бұрынырақта Алматыда «Таблиғи Жамағат» ұйымының идеяларын таратты деп айыпталған. Сот материалдары бойынша, сотталушылар осы ұйымның Үндістан, Пәкістан және Бангладештегі оқу орталықтарында білім алған.

«Ұйымның ең белсенді мүшесіне үш жыл, қалған бесеуіне екі жылдан жаза кесілді» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. Сот шешімімен оларға екі жылдан үш жылға дейін діни қызметпен айналысуына тыйым салынды. Сотталушылар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтемек.

Сот айыпталушылар ұсталған кезде олардан орыс және қырғыз тілдеріндегі тыйым салынған кітаптар табылғанын ғана хабарлап, аты-жөндерін айтпады.

Қазақстанда «Таблиғи Жамағат» ұйымы 2013 жылы экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Биліктің ұйғарымынша, «Таблиғи Жамағат» Орталық Азияда ислам халифатын құруды көздейді.

Қазақстанда 2013 жылдан бері бұл ұйымның қызметіне араласты деген айыппен ондаған адам сотталды.

Дереккөз: Радио Азаттық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *