Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін саласындағы тұжырымдама — дінді деструктивті мақсаттарда қолдануға жол бермейді — дінтанушы

Астана. 30 маусым. Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасы — уақыт сынына жауап беретін құжат, дейді дінтанушы Жалғас Сандыбаев.

«Дін саласындағы уәкілетті органның ғылыми-сарапшылар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдерін кеңінен тарта отырып әзірленген Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясаты тұжырымдамасынына Елбасының қол қоюы қуанышты жайт», — деп мәлім етті дінтанушы.

Ол тұжырымдама мемлекеттің діннен бөліну қағидатына негізделіп әзірленгенін атап өтті.

«Құжаттың басты мақсаты — Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттарын нығайтуды көздейді. Қазақстандықтардың діни сенім бостандығын, дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын қамтамасыз ету тұжырымдама жобасының айнымас негізі.

Тұжырымдама қоғамымызда іс жүзінде орныққан конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарға алдағы уақытта өзінің елеулі үлесін қоса отырып, дінді деструктивті мақстаттарда қолдануға жол бермеуге септігін тигізетіндігіне сенімдіміз», — дейд Жалғас Сандыбаев.

Аталмыш құжат жобасы бірқатар сарапшылар мен дінтанушы мамандардың, сонымен қатар азаматтық қоғам институттары өкілдерінің талқылауынан өткен.

«Тұжырымдамада негізінде елімізде діни білім беру тәртібін реттеу, жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға жол бермеу, діни әдебиеттерді тарату тәртібін жетілдіру және т.б. мәселелерін шешу жолдары қолға алынған. Дінді ұстанатын азаматтарымыздың діни рәсімдерді жүзге асыруына қолайлы жағдай жасау тетіктері де қарастырылған», — деп атап өтті сарапшы.

Дінтанушы мемлекет осы мәселеге барлық салаларды тартуына бас мән берген.

«Бізге, әсіресе, зайырлылық қағидаттарын халқымыздың өмір сүру салтына айналдыру мақсатында мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет, құқық қоғау, арнайы қызмет пен қарулы күштер, бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт жүйелерін жұмылдыра отырып, елімізде әлеуметтік-экономикалық және отбасы институтының мәселелерін шешуді көздейтін мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынасына жағдай жасалатындығы өте ұнап отыр.

Тұжырымдама негізінде дін саласындағы мемлекеттік саясат іске асырылмақ, діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас дамытылмақ, азаматтардың діни сенім бостандығы қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында өзара әрекеттесу моделі қалыптасып, зайырлылығымыз асқақтай түспек», — дейді Жалғас Сандыбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *