Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін салаcындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі өткізілді

Астана. 30 маусым. Астана қаласында 2017 жылғы 29 маусымда  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен Дін салаcындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі өткізілді.

Тренинг дін саласындағы тақырыптарға қалам тербеп жүрген журналистермен, БАҚ өкілдерімен және сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша пікір алмасу, басымдықтарды анықтау және ұсыныстар беру мақсатында өткізілді.

Іс-шарада модераторлық жасаған Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Әбуов Айдар Парқұлұлы кіріспе сөзінде соңғы жылдары орын алып отырған ақпараттық жаһандану жағдайында дін тақырыбы секілді өте нәзік салаға қатысты мәселелерді қозғаудағы БАҚ өкілдерінің рөліне ерекше тоқталып өтті. «Дін секілді нәзік мәселеде журналистік этиканы сақтау өте маңызды. Бұл мәселеде уәкілетті органның өкілдерімен, сарапшылармен және діни бірлестіктермен бірлесіп, ақылдасып жұмыс істеген жөн. Ең бастысы, дін саласындағы тақырыптарды жариялауда объективтілік басшылыққа алынуы қажет» деп атап өтті.

Тренинг жұмысына қатысып, баяндама жасаған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік Сақбайұлы Министрліктің дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бағытында жүргізіліп отырған жұмыстар мен ондағы басымдықтарға кеңінен тоқталды. Ол осы ретте қазақстандық қоғамда қалыптасып отырған конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған жүйелі саясаттың нәтижесі екенін айта келіп, БАҚ өкілдерін қоғамымызда берік орныққан татулық пен келісімді, зайырлы қағидаттар мен дәстүрлі рухани құндылықтарды кеңінен насихаттауға және тұрғындардың бойында радикалдық діни ағымдардың теріс идеяларына қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру ісіне белсенді қатысуға шақырды.

Тренингте сөз алған Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының бөлім басшысы Новикова Галина Николаевна Қазақстандағы христиандық бағыттағы жаңа діни ұйымдардың тұрғындармен жұмыс істеу әдістері туралы, ал Қарағанды облысында табысты жұмыс істеп отырған «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің өкілі Сыздықов Рүстем Мәлікұлы қазіргі әлемдегі радикалдық діни ағымдардың қаупі туралы жан-жақты әрі тыңғылықты баяндамалар жасады. Дін істері комитетінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының бөлім басшысы Есенова Дианна Бекханқызы іс-шараға жиналған журналистер қауымын бұқаралық ақпарат құралдарында діни экстремизммен және терроризмен байланысты ақпараттардың берілу формалары туралы ақпаратпен қанықтырды.

Тренингке арнайы қатысқан танымал қоғам белсендісі, ҚР Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі Айдос Сарым радикалдық діни ағымдарға тосқауыл қоюды ұлттық тұтастықты сақтап қалудың маңызды тетігі екеніне тоқталды. Ол өз сөзінде «Бүгінгі күні тереңдігі жөнінен ең үлкен қауіп діни радикализмге тіреліп отыр..  Біз қалай болғанда да «бір ұлт – бір жамағат» деген қағиданы берік ұстануымыз керек. Біз жан-жағымызға бажайлап қарар болсақ, кеше ғана бір мемлекет болған елдердің діни өзгерістерге түсіп тағдырдың тәлкегіне, күшті елдердің талан-таражына түскенін көріп отырмыз. Мұны Елбасымыз үлкенді-кішілі жиындарда үнемі айтып жүр. Сондықтан діни радикализмнен туындайтын шеткері көзқарастар мен әрекеттерге бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек» деп айтып өтті.

Тренинг соңында іс-шараға қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегіндегі ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Іс-шара тренингке қатысқан журналистерге сертификаттар берумен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *