Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда жат ағымдағы жастар ғаламтор арқылы жарылғыш зат әзірлеген

Атырау. 3 шілде. Атырауда радикалды ағымға ерген жастар ғаламтор арқылы жарылғыш зат жасауды үйренген. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді.

Өткен жылдың ішінде прокуратура қызметкерлерінің қарқынды жұмысының нәтижесінде 100-ден аса экстремизмге қатысы бар тұлға анықталған. Олардың барлығы қазақстандықтарды дін, нәсілдік және ұлтараздыққа, теракт жасауға шақырған.  Атырау облыстық дін істері басқармасы өкілдерінің айтуынша, мамандар жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесінде атыраулық жастардың 60%-ы интернет ресурстары арқылы діни көзқарастарын өзгертеді екен.

Интернет кеңістігіндегі прокурорлар тобы талдамасына сүйенсек, ел Конституциясы мен басқа да заңдарға, нормативтік-құқықтық актілерге қайшы келетін 74 аудиожазба анықталған. Сондай-ақ, жарылғыш заттарды қолдан дайындауға үйрететін 21 бейнежазба және сот шешімімен экстремистік деп танылған 10 материал анықталып, бұғаттау туралы шешім қабылданды.

Облыстық прокуратура мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы абоненттерге ұсынылатын қызмет пакеттерін «Ата-аналар бақылауы» атты бағдарламасымен қамтамасыз етті. Мектептерде ата-аналарға жүргізілген ауқымды түсіндіру жұмыстарынан кейін аталмыш бағдарламаны 3 700 отбасы өз үйлеріне орнатқан.

Дереккөз: Muslim.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *