Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирак премьері Мосулдың ИМ тобынан азат етілгенін жариялады

Багдад. 10 шілде. Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади сегіз айға жалғасқан әскери операция нәтижесінде елдің екінші үлкен қаласы Мосулды «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстан аумағында тыйым салынған) экстремистік тобынан азат еткен үкімет әскерін «ұлы жеңіспен» құттықтады. Бұл туралы үкімет жетекшісі кеңсесі бүгін таратқан мәлімдемеде айтылған.

Әл-Абади шілденің 9-ы күні жихадшылар үш жыл бақылауында ұстап, қазір азат етілген Мосул қаласында болғаны айтылған. Премьердің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында қара түсті әскери киімдегі Хайдар әл-Абадидің Ирак қарулы күштері қызметкерлерімен түскен суреті жарияланған.

Үкімет әскері АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің қолдауымен Мосул қаласын «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан азат ету операциясын өткен жылғы қазанда бастаған. Алдымен Мосулдың шығыс бөлігін алған Ирак әскері қаланың батыс бөлігіне бекінген жихадшыларға қарсы бірнеше ай бойы қиын-кескі шайқас жүргізген. Нәтижесінде Мосулдың тарихи бөлігі де ИМ содырларынан азат етілген.

БҰҰ мәліметі бойынша, Мосулды азат ету операциясы барысында қаланың бейбіт тұрғындары қатты зардап шеккен: мыңдаған адам қаза тауып, миллионға жуық адам мекен-жайын тастап кетуге мәжбүр болған.

Ирак ресмилері Мосулдан ығыстырылған жихадшылар қала маңындағы аудандардан шабуылдар жасауы ықтимал деп ескертеді.

Дереккөз: Радио Азаттық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *