Париж. 22 шілде. Интерпол Еуропада террорлық шабуыл жасауы мүмкін 173 лаңкестің тізімін жариялады, деп жазады The Guardian басылымы.
Интерпол жариялаған тізімдегі лаңкестердің басым көпшілігі Сирия мен Иракта «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) ұйымының қатарында соғысып жүрген содырлар. Тізімге енгін террористер жайындағы барлық мәліметті АҚШ барлау қызметі халықаралық ақпарат алмасу заңына сәйкес Интерполға жіберген.
Қазіргі таңда Сирия мен Ирак аумағында «Ислам мемлекеті» ұйымының әлсірей бастауына байланысты Еуропа елдерінің қауіпсіздік қызметтері аймақ қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіруде.
Дереккөзі: “The Qazaq Times”