Кабул. 23 шілде. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар уәлаятында «Талибан» экстремистері ондаған адамды ұрлап, кейін жетеуін өлтірген. Бұл туралы жергілікті билік орындары хабарлады. Оқиға шілденің 21-і күні болған.
«Талибан» Қандағар-Таринкот тасжолы бойындағы ауылдан70 адамды үйлерінен ұстап әкеткен, кейін олардың кемінде жетеуін өлтірген, олардың сүйектерін сенбі күні таңертең ауыл тұрғындары тауып алған», — деп мәлімдеді Қандағар аймақтық полициясының басшысы Абдул Разик.
Кейбір ақпараттарға қарағанда, «Талибан» содырлары оқиға болған күннің ертесінде 20-30 адамды босатқан, өзгелерін тұтқында ұстап отыр.
«Талибан» қозғалысы әзірше Қандағардағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған жоқ.