Мосул. 26 шілде. Ирак әскерилері «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) лаңкестік ұйымының жарылғыш заттар өндіретін зауытын жарып жіберді. Зауыт Мосул қаласының батыс бөлігінде орналасқан.
Соңғы 5 күнде Ирактың террористерге қарсы күрес жасағына 40 жихадшы өз еркімен берілген. Олар қаланың тарихи бөлігінде бір айға жуық уақыт қоршауда қалып қойған болатын. Сондай-ақ лаңкестердің қолына түскен Мосул қаласына іргелес Имам Гарби ауылы да азат етілді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10 шілдесі күні Ирактың Премьер-министрі Мосул қаласының террористердің қолынан қайтарылғаны туралы хабарлап, халықты жеңісімен құттықтаған еді.
Дереккөзі: “The Qazaq Times”