Анкара. 29 шілде. Түркия құқық қорғау органдарының хабарлауынша елдің оңтүстік шығысында Диярбакр елді мекенінде «Күрдістан жұмыс тобы» атты террористік ұйымның беделді тұлғасы Мұрат Иылмаз қолға түсті.
Тергеу барысында Мұрат Иылмаз аталмыш ұйымның қаржы істері жөніндегі басқармасына жауапты тұлға екендігі анықталды. Осыған байланысты бұл азаматқа террористік ұйымды қаржыландыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Атап кетсек, бүгінге дейін аталған ұйымның қолынан Түркияда 500 бейбіт халық пен 800 полицейлер қаза тапқан екен. Осыған байланысты бұл ұйым АҚШ пен Еуроодақ елдерінде террористік ұйым деп танылған екен.
Дереккөзі: KazIslam