Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Австралияда ұшаққа жасалмақ болған лаңкестік әрекеттің жолы кесілді

Сидней. 30 шілде. Австралияның премьер-министрі Малкольм Тернбулл ұшақ жоюға бағытталған лаңкестік әрекеттің әшкере болғандығын мәлім етті, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.

«Өткен түнде ұшақты апатқа ұшырату мақсатында жасалмақшы болған лаңкестік әрекетке қарсы ірі операция жасалды», — деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Саясаткердің мәліметінше, Сиднейдегі рейд барысында төрт адам ұсталған. Австралияның барлық әуежайларында қосымша қауіпсіздік шаралары жүргізілді. Тернбуллдың сөздеріне сүйенсек, жоспарланған шабуылды бір ғана лаңкестің жүзеге асыруы мүмкін емес.

Содырлардың ұшақты қолдан жасалған құрылғының көмегімен жармақшы болғандығы анықталды.

Daily Telegraph басылымы лаңкестік топтың шабуылды ішкі рейске жасауды жоспарлағандығын жазады.

Полиция комиссары Эндрю Колвиннің хабарлауынша, ұсталған азаматтардың «исламшылдық» астыртын әрекеттеріне қатысы болуы мүмкін. Ол сондай-ақ, құқық қорғаушылардың әзірге «аталған шабуыл жайлы нақты мәліметтерден, болған жері мен уақыты жайлы ақпараттардан» хабарсыз екендігін айтты. Тексеру жұмыстары «ұзақ әрі баяу» жүргізілетін сияқты.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *