Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астанада радикалдық көзқарастары бар адамдарды теологиялық оңалту мәселелері бойынша мамандар үшін семинар-тренинг өтті

Астана. 31 шілде. 27-29 шілде аралығында «Әзірет Сұлтан» астаналық мешітінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысы бойынша  «Терроризмге қарсы комитет» қоғамдық бірлестігі теологтардың тобына семинар-тренинг өткізді.

Іс-шара «Радикалдық діни көзқарастары бар адамдарға теологиялық оңалтуды ұйымдастыру (еркін жамағаттар)» жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты — теологиялық оңалту мәселелері бойынша мамандарды деструктивті діни ағымдардың ерушілерімен, оның ішінде радикалды көзқарастары бар адамдармен жұмыс жасауға қажетті білім мен дағдыларға баулу болып табылады.

«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ Президиумының төрағасы Аманжол Оразбаевтың мәлімдеуіне сәйкес, деструктивті діни ағымдардың жақтастарын оңалту және бейімдеу бойынша қалыптастырылған әдістемелік қағидаларды апробациялау және ендіру бойынша пилоттық жоба еліміздің сегіз өңірі мен Астана қаласында сыналатын болады.

Бірінші кезеңде тренинг негізінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдары арасынан неғұрлым дайындалған 14 теолог үшін өткізілді.

«Терроризмге қарсы комитет» дәрістер мен тренингтер тақырыптарын таңдауға ерекше көңіл бөлді, оларды өткізу үшін жоғары білікті мамандар шақырылды — психолог Шакимова Лола Сергеевна, дінтанушы Денисенко Юлия Олеговна. Бірқатар шетел ғалымдары мен сарапшылардың пікірлеріне сәйкес, діни фанатизм психикалық ауытқудың бір түрі болып табылады.

Семинарда оңалту жұмыстарының теологиялық аспектілері дайындалған теологтармен, оның ішінде ҚМДБ бөлім басшысы Ершат Оңғаровпен түсіндірілді.

Семинар барысында деструктивті ағымдарға еру себептері, радикалдық көзқарастарға еру және одан бас тарту белгілері, псевдодіни ағымдардың сипаттамалары және т.б. сияқты сұрақтар қарастырылды.

Тренингтерде әртүрлі психологиялық техникалар мен әдістер қарастырылды. Тесттік режимде кейінгі іс-қимылдар алгоритмін пысықтаумен күрделі ситуациялық диалогтар орындалды.

Семинар қатысушыларына психологиялық байланысты орнату, кеңес берулерді өткізу, оңалтылатын адамдарға теологиялық, құқықтық, әлеуметтік көмек және қолдау көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.

Діни экстремизм мен радикализм көріністерінің алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және діни бірлестікпен әлеуметтік әріптестігінің аталған жобасы жергілікті жерлерде жүргізіліп отырған нүктелі оңалту жұмысын  одан әрі күшейтуді көздейді.

Дереккөзі: ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *