Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астана қаласында терроризм мен экстремизмге қарсы акция басталды

Астана. 31 шілде. Астана қаласында терроризм мен экстремизмге қарсы акция басталды. Бұл шараны алғашқылардың бірі болып атақты боксшы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Бақтияр Артаев қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акция  терроризм, экстремизм және радикализмнің барлық көріністері мен түрлеріне қоғамның «нөлдік» төзімділік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Жоба #noextremism,  #noterrorism хештегтерімен таралып жатыр.

Акция белсенділерінің айтуынша, бұл бастама қазақстандықтарды радикализмнің кез келген көрінісіне қарсы тұрып, ел ішінде бейбітшілік пен келісім орнатуға бағытталған.

Жалпы, тың идея алғаш рет Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде, нақтырақ айтсақ,  «Астана» футбол командасының кезекті ойынында талқыланған болатын.

«Noterrorism», «Noextremism» жобасын бокстан олимпиада чемпионы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Бахтияр Артаев, сонымен қатар Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Данияр Есин қолдады. Олар «Астана» командасының ойыншыларымен кезекті ойынның жаттығуы кезінде кездесу өткізіп, жобаның әлеуметтік маңызы жайын талқылады.

Дереккөзі: ҚазАқпарат 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *