Астана. 4 тамы. Ақмола облысының тұрғыны терроризм насихаттағаны үшін және дін аралық өшпенділікті арандатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айыптау материалдарына сәйкес, Атбасар тұрғыны 2013 жылы «Вконтакте» әлеуметттік желісінде тіркеліп, өз парақшасынжа терроризмді, зорлық жихадты және дін аралық өшпендіндікті арандатуға бағытталған материалдарды насихаттаған. Бұл жазбалар кең әлеуметтік желі қолданушыларына ашық болған
2016 жылы аталған мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Атбасардың аудандық соты 23 жастағы жас жігітті ҚР ҚК 1 бөлімінің 174 бабын және 2 бөлімнің 256 бабын бұзды деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырады және мүлкін тәркілейді.
Сонымен қоса, сот жеке қаулыны Ақмола облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне жолдады. Сотталушы 2013 және 2014 жылдары бейнароликтерді әлеуметтік желідежариялаған, бірақ оның бұл ісін құқық қорғау органдарының ешқайсысы бетін қайтармаған. Сот бұл жағдайға байланысты кінәлі адамдардың жауапкершілігі қатысты мәселені шешуге ҰҚҚД бастығына қаулы етті.
Дереккөзі: Sputnik Казахстан