Маңғыстау. 8 тамыз. «Асар» ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы дін істері басқармасының тапсырысы негізінде өңірдегі теологтар мен мешіт имамдарына арналған семинар-тренинг жүргізілді.Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.
Шара аясында діни ағымға бой алдырудың себептері мен салдары көрсетіліп, осы салада қолданылып жүрген басты әдіс-тәсілдер туралы айтылды.
Семинар-тренингтың мақсаты — радикалданудың негізгі себебін анықтау, аймақта ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізген кезде халықтың санасын экстремизмге қарсы қалыптастыру әдістеріне үйрету. Сондай-ақ, теріс діни ағымды ұстанушыларды оңалту және бейімдеу бойынша жалпы әдістемелік қағидаларды назарда ұстау.
Тренингте түрлі психологиялық техникалар мен әдістемелер де қарастырылды. Практика жүзінде түрлі күрделі сұхбаттар жүргізіліп, осындай кездері іс-әрекеттердің қандай болу керектігі туралы айтылды.
Дін мамандарының біліктілігін жетілдіруге бағыттталған кездесулер алдағы уақытта жалғасатын болады.