Алматы. 7 қыркүйек. Алматы облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында тұңғыш рет «Рухани керуен» жобасы бастау алды.
Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, рухани құндылықтарды жаңғырту және деструктивті діни ағымдарға қарсы күресу, туған жеріне деген сүйіспеншілік және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында Алматы облысының алыс-жақын елді-мекендеріне «Рухани керуен» жобасы жол тартты. Керуен алғашқы сапарын Жамбыл, Қарасай, Талғар аудандарынан бастап, жастар мен ардагерлердің кездесуін, көрмелер және шығармашылық топтың мәдени-рухани қойылымдарын, оңалту жұмыстарын атқарады
«Рухани керуен» мүшелері алғышқы іс-шарасын Жамбыл ауданында бастап кетті.
Жоба аясындғы алғашқы отырыс Жамбыл ауданы, мәдениет үйінде діни бірлестіктер және ҮЕҰ-ның жетекшілерімен кездесуі болды. Одан басқа, арнайы құрылған жұмыс тобымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың құрметіне арнап гүл шоғын қою рәсімі, аудан активімен кездесу, «Рухани жаңғыру: ел ертеңінің бастауы» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен сұхбат жүргізілді.
Керуен барысында «Денсаулық — болашақ кепілі!» тақырыбында діни себептермен екпе, қан құюдан бас тартқан азаматтармен жұмыс, «Рухани жаңғыру: туған жер – алтын бесік» тақырыбында сурет және кітап көрмесі,«Ақпараттық түсіндіру жұмысы – діни сауаттылықты арттырып, рухани байлығымызды дәріптейді»тақырыбында білікті дінтанушы ғалымдардың ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен дөңгелек үстел, деструктивті діни ағым ықпалына түскен азаматтармен оңалту жұмыстары, «Рухани мұра» атты концерттік бағдарлама, шығармашылық топтың мәдени-рухани «Дертке дауа-Хақ жолы» қойылымдары өтті.