Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде орамал үшін шу шығарған оқушының әкесі қанды терактіге қатысқан болып шықты (фото)

Ақтөбе. 15 қыркүйек. Ақтөбедегі орамал мәселесін көтерген келіншектің кім екені белгілі болды. «Қызымды кимешекпен мектепке кіргізбей жатыр» деп БАҚ өкілдерінен көмек сұраған Гүлжанат Бердібаеваның күйеуі Ақтөбедегі теракт оқиғасы кезінде қаза тапқан. Келіншектің өзі жолдасы туралы ақпаратты құпия ұстайды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Ақтөбеде орамал үшін шу шығарған оқушының әкесі қанды терактіге қатысқан болып шықты (фото)

АҚТӨБЕДЕ ОРАМАЛ ТАҚҚАНЫ ҮШІН МЕКТЕПТЕН ҚУЫЛҒАН ОҚУШЫ. ФОТО: NUR.KZ

«Жолдасым Ырғыз ауданынан, оның 5 маусым оқиғасы кезінде қайтыс болғаны рас. Ештеңені сұрамаңыздар. Маған тек таза мектеп мәселесіне қатысты ғана көмек керек. Мен ол оқиға туралы ештеңе білмеймін. Оның қалай кеткенінен де хабарым жоқ. Кетті ма кетті. Мен балаларыммен жалғыз қалдым. Қазіргі шындық осы», — дейді Гүлжанат Бердібаева.

Гүлжанат өткен жылы Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға қатысқан Әлібек Бердібаевтың келіншегі. Әлібек лаңкес жасағандарды қолға түсіру кезінде көз жұмған болатын. 37 жастағы жігіттің жесір келіншегі мен үш баласы қалған.

Ақтөбеде орамал үшін шу шығарған оқушының әкесі қанды терактіге қатысқан болып шықты (фото)

ФОТО: NUR.KZ

Олардың тұрып жатқан үйлері Ақтөбеде 5 маусым күні шабуыл жасалған «Пантера» қару-жарақ дүкенінің қақ алдында тұр. Есік алдында «Үнді тауарлары» деген арзан дүкен бар. Жігіттің отбасы ауқатты, танымал дәрігердің баласы екені айтылады.

Қаза болған содырдың әйелі орамал мәселесін көтеріп жүр. Мектеп директоры Әлібек Бердібаевтың балалары оқу үздігі екенін айтты.

«Ол әйелдің күйеуі 5 маусым оқиғасына қатысы бар екенін білеміз. Осыған дейін үлкен баласы бізде оқыды. Баланың оқуы жақсы, тәртібінен де қиындық туғызған емес. Тек биыл біздің мектепке 1 сыныпқа келген қызын орамалсыз сабаққа жібермейтінін айтты. Біздің оқушыға еш қарсылығымыз жоқ. Тек мектеп формасы балаларға бірдей болу керек»,-дейді №11 мектептің директоры Ғалия Ізбасқанова.

7 жастағы Ханифа Бердібаева орамал мәселесіне байланысты әлі күнге дейін сабаққа бара алмай отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *