Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мұсылманның мұсылман алдындағы міндеттері

Астана. 13 қазан. Алла Тағалаға шексіз мақтаулар, мадақтаулар болғай. Және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) салауаттар мен сәлемдер болсын.

Қазіргі қоғамда дерт көп. Бірі өтірік айтса, бірі зина жасап жүр. Бірі парақор болса, бірі аманатқа қиянат жасап жүр. Айналып келгенде адамзат өз табиғатын жоғалтып, Алланың алдындағы міндет былай тұрсын, адамзат алдындағы қарым-қатынас, сыйластық, бауырмалдылық жоғалып бара жатқандай. Расымен де, мешітіміздің өзінде жік-жікке бөлініп, сен ана сенімдесің, сен мына сенімдесің деп, негізгі мұсылмандық қарым қатынасты ұмытып кетіп жатамыз. Күні кеше бір адаммен амандасып едім, қасымдағы бауырым «сен оны танисын ба?» деп сұрақ қойды. Неге мен оны тануым керек?! Ол егер мұсылман болса, менің міндетім амандасу емес пе?! Міне қарапайым амандасудық өзіне жұрдай болып бара жатқан жамағатым, бұл кішкене ғана насихат біздің өз арамыздағы қарым-қатынастың қандай болу керектігін баяндайды. Бәлкім ұмыт қылған орынды толтырар деген ойдамын.

Мұсылманның  мұсылман алдындағы  міндеттері бірі  – ол бауырына мейірімді болу:

وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِلْمُؤْمِن۪ينَ

«Мүміндерге өте мейірлі, кішіпейіл бол» («Хижр» сүресі, 88-аят)[1]

 عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشيرٍ  قَالَ :  قَالَ رسُولُ اللهِ : » مَثَلُ المُؤمِنينَ في تَوَادِّهِمْ  وَ تَرَاحُمِهِمْ  وَ تَعَاطُفِهِمْ ، مَثَلُ الجَسَدِ إذا اشْتَكى مِنْهُ عُضْوٌ تَدَاعى لَهُ سائِرُ  الجَسَدِ  بِا السَّهَرِ وَ الحُمّى «

 Нұғман ибн Бәшир (р.а.) жеткізген хадисте:

«Аллаһ елшісі (с.ғ.с) : «Мүміндер бір — біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді.  (Адамның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады», – деп айтты» – делінген . [2]

حدثنا يحيى بن بكير: حدثنا الليث، عن عقيل، عن ابن شهاب: أن سالما أخبره: أن عبد الله بن عمر رضي الله عنهما أخبره:أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال: (المسلم أخو المسلم، لا يظلمه ولا يسلمه، ومن كان في حاجة أخيه كان الله في حاجته، ومن فرج عن مسلم كربة فرج الله عنه كربة من كربات يوم القيامة، ومن ستر مسلما ستره الله يوم القيامة).

Бізге Яхия ибн Бәкір, Бізге Әл — Ләйс Ақилден, Ибн Шиһабтан: Расында Сәлим оған былай деді: Расында  Ибн Омар (р.анһума.)  оған былай деп   жеткізген хадисте:

«Аллаһ елшісі (с. ғ.с) : «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Аллаһ тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Аллаһ тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһ тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп  айтты» – делінген [5]

Ғұлама  ғалым  айтты: Саған міндет болады сенен алдын болған мұсылмандардан үлгі-өнеге алу.  Расында Алла Тағала  пайғамбардың    (с.ғ.с) сахабаларын  бір-біріне  рахымды, мейірімді болғандықтан оларды мақтап мына аятты баян етті:

رُحَمَاءُ بَيْنَهُمْ

«Өзара тым мейірімді»

 Пайғамбардың  (с.ғ.с) сахабалары   мұсылмандарға және бүкіл жаратылықа мейірімді еді. Әһли зиммилерге рахымды, мейірімді болған жандар қалайша мұсылман бауырларына мейірімді болмайды!

Омар ибн Хаттабтан риуаят етіледі : Бірде ол адамдардың есік алдарынан садақа сұрап жүрген зимми адамды көріп қалады  және ол  қарт адам болады. Омар ибн Хаттаб оған:

— Біз саған әділетсіздік жасадық. Сенен жизияны жастық шағынан бастап алдық, сөйтіп бүгінгі күнге сені кедей қылып қойдық -дейді. Сөйтіп Омар ибн Хаттаб зиммиге мұсылмандардың Байтул -Малынан азық -түлік беріп тұруын бұйырады.

و عن قتادة أنه قال: ذكر لنا أن في الإنجيل مكتوبا: يا ابن آدم كما ترحم فكذلك ترحم، و كيف ترجو أن يرحمك الله ، و أنت لا ترحم عباده

Қатададан келген риуаятта: Расында Інжілде  былай деп жазылғаны біздерге  келтірілді: » Ей! адам баласы қалай рахымды, мейірімді болсаң  сағанда солай рахымдылық, мейірімділік көрсетіледі. Қалайша сен Алладан рахым, мейірім күтесің егер оның құлдарына рахымды, мейірімді болмасаң » — деген екен. [3]

Мұсылманның  мұсылман алдындағы  міндеттері бірі  — жақсылықта жәрдемдесу :

وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَى وَلَا تَعَاوَنُوا عَلَى الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ

«Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа  жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты»

Бұл аятта Алла  Тағала өзінің мумин  құлдарына  бір-біріне өзара жақсы, хайырлы істерде, тақуалықта  жәрдемдесуді бұйырып, ал жалған,  жаман нәрселерде өзара жәрдемдесуден тыйып жатыр.

: «من دعا إلى هدي كان له من الأجر مثل أجور من اتبعه إلى يوم القيامة، لا ينقص ذلك من أجورهم شيئا، ومن دعا إلى ضلالة كان عليه من الإثم مثل آثام من اتبعه إلى يوم القيامة، لا ينقص ذلك من آثامهم شيئا»  .

«Кімде-кім туралыққа шақырса  (себепкер болса)  оған оның жақсылығына ілескендердің сауабы барып тұрады және олардың  сауабтарынан  ешнәрсе кеміп қалмайды. Ал кімде — кім бір далалатқа (адасуға) себепкер болса, оған оның жамандығына ілескендердің күнәсі барып тұрады және олардың  күнәларынан   ешнәрсе кеміп қалмайды  «[4]

Мұсылманның  мұсылман алдындағы  міндеттері бірі  -пайғамбарымыз айтып кеткен өсиеттер:

عن أبي هريرة  أنَّ رسول اللهِ  قال : » حقُّ المسلمِ  على المسلمِ  خَمْسٌ:  ردُّ السلام ، و عيادةُ المريض ، وَ          وَ اتِّباعُ الجنائز، وَ إجابةُ الدَّعود، وَ تشميت العاطس» وَ  في روايةٍ لِمسلمٍ : » حقُّ المسلمِ  سِتٌّ:  إذا لقيتهُ  فسَلِّمْ  عليه، وَ إذا دعاك فأَجِبْهُ ، وَ إذا استنصحك فانْصَحْ له، وَ إذا عطس فَحمد اللَّهَ فَشمِّتهُ. وَ إذا مَرض فعُدْهُ، وَ إذا  مات فَاتَّبعهُ»

Әбу  һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (с.ғ.с) : «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында бес міндеті бар: «Сәлем бергеннің сәлемін алу, науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, шақырған жерден қалмай бару және түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені рақымына бөлесін) деп айту», – деген» – делінген.

Осы хадисті Имам Муслим: «Аллаһ елшісі (с.ғ.с): «Мұсылманның мұсылман бауырының алдында алты міндеті бар: «Мұсылман бауырыңмен көріскенде сәлем бер; сыйлап шақырса, шақырған жерге бар; ақыл сұраса, қолыңнан келгенше ақылыңды айтып жөн сілте; түшкіргеннен кейін Аллаһқа мадақ айтса, «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені рақымына бөлесін) деп айт; ауырып қалса, барып көңілін сұра; қайтыс болса, жаназасына қатыс», – деп айтты», – деп жеткізген.

Мұсылман бауырыңмен көріскенде сәлем бер:

Расында Ислам  дініндегі сәлемдесу сонау Адам (ғ.с) — нан  келе жатқан дәстүр болып саналады. Сәлем  ол  мұсылмандар арасында өзара бір-біріне деген махаббатты, сүйішпеншілікті, өзара бір-біріне деген сенімділікті тудырады .

Сәлем — ол бізден иманымыз талап ететін махаббаттың тууына себеп болады.  Ал сол иманымыз бізді жаннатқа сүйрейді емес пе !

Пайғамбарымыз (с. ғ.с) айтады:

«Сендер иман келтірмегенше жаннатқа кірмейсіңдер! Ал бір — бірлеріңді  жақсы көрмейінше  иман келтірген болып саналмайсыңдар.  Сендерге сондай бір нәрсені айтайың ба, егер оны қылсаңдар бір-біріңді жақсы көрген болып  саналасыңдар — ол өз араларында сәлемді жаю » -деген.

Адамдардың жақсысы сөзін сәлеммен бастағыны емес пе!

Сәлем беру —  сүннет , ал оған жауап қайтару — уәжіб. Өйткені, сәлемге жауап қайтармау оны кемсіткенмен тең. Біреуді кемсіту оған зиян беру дегені. Ал, шариғатымыз біреуге зиян беруден тыйған. Сонымен , сәлем берумен қатар, оған жақсы жауап қайтаруымыз да міндет екен.

Сыйлап шақырса, шақырған жерге бар.

Қазақ халқында » Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге  барма»-деген мақалда баршылық.

Ақыл сұраса, қолыңнан келгенше ақылыңды айтып жөн сілте:

Яғни сенен бір іс жөнінде ақыл — кеңес сұраса қолыңнан келгенше ақылыңды айтып жөн сілте. Егер ол іс тек жақсылық әкелетін болса оған оны барынша істетуге тырыс, ал егер жамандық алып келетін болса қолыңнан келгенше одан оны  сақтандыр. Ал егер жақсылығы мен жамандығы тең болса оны оған баянда және жамандықтары мен жақсылықтарын  таразыла.

Өзіңе қандай ақыл-кеңес айтсаң өзгеге де соны қала. Және де мұсылмандарды алдаудан сақтан өйткені мұсылманды алдаған мұсылмандардан емес.

Түшкіргеннен кейін Аллаһқа мадақ айтса, «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені рақымына бөлесін) деп айт:

 Түшкіу адам баласына Алла Тағаланың берген нығметтерінің бірі. Түшкірген адамның  «Әлхамдулиллааһ» деп айтуы,   оны естіген адамның  «Ярхамукаллааһу» деп-айтулары шариғаттан болып табылады.  Ал түшкіргеннен кейін хамд айтау екі нығметтен құр қалдырады:

Біріншіден:  Аллаға  хамд айтпайды,  екіншіден бауырының өзіне деген  сыйлы дұғасынан мақрұм қалады.

Ауырып қалса, барып көңілін сұра:

 Жалпы ауырып қалған адамның көңілін сұрау, оны зиярат ету үлкен сауапты іс. Көңілін сұрап барған адамға зиярат әдебін сақтай отырып оған — сабырлы бол, Алла қаласа сенің күнәларыңды кешіреді -деп көңіл айтып, оған артынша Алла дертінен сауықтырсын деп дұға жасау керек.

 Пайғамбарымыз Ибн Аббас (р.а.):

«Бірде Пайғамбарымыз (с. ғ.с)  ауырып жатқан бір бәдәуидің көңілін сұраған еді. Аллаһ елшісі (с. ғ.с)  біреудің көңілін сұрай барғанда: «Ештеңе етпейді, (тағдырыңа налымай басыңа келген дертке сабыр сақтай білсең) Аллаһтың қалауымен осы дерт сені күнәларыңнан тазартады», – деп жұбататын еді», – деген.

Қайтыс болса, жаназасына қатыс:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте:  «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім шынайы сеніммен және сауабын бір Аллаһтан ғана күтіп, мұсылман бауырын ақтық сапарға шығарып салу жолында жаназа намазынан бастап, оны қабірге қойғанға дейін атсалысса, әрбірі Ұхұд тауы сияқты таудай екі сауапқа кенеліп қайтады. Ал кімде-кім жаназа намазына ғана қатысып, жерлеуге қалмай қайтып кетсе, Ұхұд тауы сияқты таудай бір сауап алып қайтады», – деп айтқан», – делінген.

Мұсылманның мұсылман бауыры алдындағы басқада міндеттері баршылық. Ең бастысы  оларды өз араларымызда пайғамбар (с.ғ.с), сахабала арқарғандай етіп орындау, сақтау болып табылады. Алла Тағала діни бауырларымызды көбейтіп, өзара бауырмашылығымызды  арттырсың.

Руслан Сұлтанов

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранттының шеңберінде ақпараттық қолдау көрсетіледі-  «Дін саласында ақпараттық жұмыстар жүргізу» проектісін іске асыру»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *