Могадишо. 16 қазан. Могадишо қаласында болған лаңкестік жарылыстан қаза тапқандар саны 276 адамға жетті. Бұл туралы Сомалидің ақпарат министрі Абдирахман Осман твиттерде хабарлады.
Ол өз парақшасына: «Қазір қаза тапқандар саны 276 адамға жетті, тағы 300-ге жуық адам жараланды», — деп жазды.
Естеріңізге сала кетсек, осы жойқын жарылысты ұйымдастырған «Аш-Шабаб» тобы 2012 жылы «Аль-Каида» лаңкестік ұйымына қосылған еді.
Дереккөзі: Хабар