Кабул. 18 қазан. Ауғанстанның шығысындағы полицейлер даярлайтын орталыққа лаңкестер шабуыл жасап, салдарынан 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тағы ондаған кісі жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен тәртіп сақшылары дереу келген. Шабуыл Пактия провинциясындағы Гардез қаласында болды. Жанкешті жүргізген көлік полицейлер дайындайтын орталық маңына келіп жарылған. Содан кейін содырлар мен тәртіп сақшылары арасында қарулы қақтығыс басталып кетті. Шабуылды «Талибан» радикалды ағымы мойнына алды.