Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

29 жастағы өзбек Нью-Йоркте теракт жасады

Нью-Йорк. 1 қараша. Нью-Йоркте велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге шабуыл жасаған жүргізуші ұсталды. Теракті салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп мәлімдеді Нью-Йорк мэрі Билл де Бласио

Алты адам оқиға орнында жан тапсырды, тағы екеуі алған жарақаты салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Билік өкілдерінің айтуынша, шабуылшы Төменгі Манхэттенде велосипедшілер жүретін жолмен жүк көлігін айдап өткен. Жол бойы алдынан шыққандарды басып, одан соң мектеп автобусына соқтығысқан.

Қайтыс болғандардың арасында АҚШ азаматтарынан бөлек бельгиялықтар және аргентиналықтар болған. Бұл туралы Бельгияның сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс және Аргентинаның СІМ өкілі мәлім етті.

Нью-Йорк полициясының мәліметіне сейкес, тағы 11 адам түрлі жарақат алған, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Кейін полицияда хабарлағандай, шабуыл жасаған қарудың бірі пейнтболға арналған, екіншісі пневматикалық екен.

АҚШ ақпарат құралдары мәлімдегендей, терактіге күдікті ретінде ұсталған азамат Сайфулло Саипов – 29 жастағы өзбек болып шықты. Ол көлікті жалға алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *