Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жуалы ауданында «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбындағы кездесу өтті

Жуалы. 9 қараша. Жуалы ауданында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Шара барысында ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен ауыл тұрғындарына қоғам мен жастардың қарым-қатынасы, ондағы жастардың алатын орны, жастардың арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары туралы түсініктер берілді. Сондай-ақ, діни экстремизм бойынша және заң алдындағы жауапкершілігі туралы «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Есіркепов пен Жамбыл облыстық Орталық мешітінің нәиб-имамы Е.Маханов нақты мәліметтер көрсетті.

Кездесу соңында қатысушылар имамға сұрақтар қойып, сұрақтарына толықтай жауап алды. Сонымен қатар, жиын қатысушылары  осындай алдын алу іс-шаралары жиі өтіп тұрса деген ниет білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *