Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СІМ Сирияда құтқарылған қазақстандық балалардың елге қашан жеткізілетінін айтты

Астана, 14 қараша. Сирияның соғыс болып жатқан аймақтарынан құтқарылған қазақстандық әйел мен оның балалары көп ұзамай елге жеткізіледі, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Ол Грозный қаласына дүйсенбі Сириядан бір топ адам жеткізілгенін атап өтті.

«Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар. Орал қаласының 1988 жылы туған тұрғыны төрт баласымен Сириядан жеткізілді. Балалардың үлкені бес жаста, кішісінің туғанына бірнеше ай ғана болған. Олар Қазақстан азаматтары», — деді Жайнақов БАҚ өкілдеріне.

Грозный әуежайында оларды Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлері қарсы алған. Көп ұзамай қазақстандықтар елге жеткізіледі.

«Біз ресейлік тарап пен Шешен Республикасының басшылығына алғысымызды білдіреміз», — деді Жайнақо.

Ақпарат көзі: Sputnik

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *