Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Заңсыз діни кітап саудасы анықталды

Семей. 20 қараша. Ел заңнамаларына бекітілген тәртіпке мойынсұнбаған саудагерлер жауапқа тартылды. Заңға сәйкес, аталмыш тауарлар жергілікті атқарушы орган анықтаған арнайы орындарда сатылуы және тиісті үлгіде рәсімделуі керек.

Тұрғын үй маңында орналасқан дүкенде басқа тауарлармен бірге иконалар сатылымға шыққан. Діни атрибуттарды саудалауға жалпы тыйым болмағанымен, оны сатуда бірқатар заңнамалық талаптар орындалуы тиіс. Сауда орнының 44 жастағы қожайыны сотта бұл туралы білмегенін айтып ақталды. Ол діни атрибуттық заттарды сатуға арнайы атқарушы орындардан рұқсат қағазын алмаған.

Семей қаласының 48 жастағы келесі кәсіпкері арнайы рұқсат құжатынсыз иконалар мен діни мазмұндағы кітаптарды саудалап келген. Оның тауарлары орналасқан дүкен осы сипаттағы діни дүниелерді сатуға рұқсат етілген арнайы орынға кірмейді. Келесі бір тәртіп бұзушы үшінші топтағы мүгедек, 43 жастағы азамат пойыз бағыттарында жолаушыларға діни мазмұндағы кітаптар сатып келген. Аталмыш азаматтан 16 кітап тәркіленді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңына сәйкес, діни мазмұндағы кітаптарды, ақпараттық материалдарды діни заттарды арнайы мекемелерде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган анықтаған арнайы стационарлық орындарда сатуға рұқсат етіледі.

Сот жоғарыда аталған азаматтардың барлығын әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыпты деп таныды. Оларға 50 МРП (113 450 теңге) көлеміне айыппұл тағайындалды. Жеке кәсіпкерлердің қызметіне үш ай мерзімге тыйым салынды. Діни заттар мен кітаптар тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *