Каир. 22 қаңтар. Египет мемлекетінің билігі экстремизсмен күрес шарасын қарқынды түрде жалғастыратын болмақ. Бұл жайында Уақыптар ісі жөніндегі министр Мохтар Гомаа Египет қоғамындағы атеистік пікірлерге қатысты өткізілген Дін істері комитетінің парламентарийлік отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Muslim.
«Министрлік қазіргі таңда экстремизм мен ереси, атеизмнің жайылуына қарсы барлық сала бойынша ымырасыз күрес жүргізуде. Біз теріс пікірлердің ғаламтор желісінде, Фейсбук пен Твиттер парақшаларында насихатталуына қарсы кешенді стратегия жасап шығардық», – дедйі министр.
Оның айтуынша, қазіргі кезде Египеттегі атеизм қаупі айтарлықтай емес көрінеді. Дегенмен, қырағлықты жоғалтпау қажет дейді Мохтар Гомаа.