Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР СІМ Кабулдағы террористік əрекетті қатаң айыптады

Астана. 29 қаңтар. Қазақстан 2018 жылғы 28 қаңтарда Қабыл қаласындағы дипломатиялық орамында орын алған адамгершілікке жатпайтын, нәтижесінде ондаған бейбіт адамдар қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайды.Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспа сөз қызметі хабарлайды.

Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану — аса жан түршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет екенін ведомствада атап өтті.

«Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қоғамдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады»- деп мәлімденеді ведомства ресми сайтында.

Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *