Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Деструктивті ағымдар және діни экстремизм» атты семинар өтті

Шымкент. 7 ақпан. Шымкент қаласы ИЧ 167/11 мекемесінде «Деструктивті ағымдар және діни экстремизм» мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Семинар жұмысына мекеме басшысы әділет майоры П.Исақбаев, ҚМДБ-ның ОҚО орынбасары М.Ақтамберді, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Төлегенқызы, «Нұр Отан» партиясы ОҚО бойынша филиалы Шымкент қалалық бөлімшесінің өкілі Б Тұяқбаев, ОҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары Қ.Сартаев, Е.Ерманов т.б. жас мамандар қатысты.

Семинар барысында ОҚО орынбасары Мусабек Ақтамберді «Отанды сүю- иманнан» тақырыбы бойынша баяндама оқыды.

Семинардың негізгі мақсаты: жас қызметкерлердің отансүйгіштік қасиетін арттыру, діни экстремизм мен террорлық әрекеттердің алдын алу, т.б. мәселелер қаралып, талқыланды.

IMG 487

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *