Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияның Сириядағы операциясы тек Африн қаласымен шектелмеуі мүмкін

Анкара. 7 ақпан. Түрік қарулы күштерінің әскери операциясы Африн қаласымен ғана шектелмей, Сирияның солтүстік өңіріндегі жекелеген аудандарында да жалғасуы мүмкін. Түркияның белді сарапшылары осылай дейді. Ресми Анкара алғашқы кезекте Манбидж қаласын атқылап, шекаралық аймақты өз бақылауына алуды көздеп отыр. Естеріңізге саламыз, түрік армиясы қаңтардың 20-сы күні Афринге «Зәйтүн бұтағы» деген атаумен әскери операциясын бастаған. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, осы уақыт ішінде түрік жауынгерлері 970 лаңкестің көзін жойған.

«Африн операциясы» Түркияның қауіпсіздік стратегиясы аясында жүргізіліп отыр. Ондағы мақсат шекараның өне бойында орын тепкен күрд сепаратистерінің көзін жойып, қауіпсіздік дәлізін құру. Еуразия және Азия стратегиялық зерттеу орталығының терроризм жөніндегі сарапшысы Ерай Гучлуер Шам еліндегі әскери іс-қимылдың негізгі жоспарын осылай топшылады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Түркияға үлкен қауіпті Сириядағы күрд жасағы төндіруде. «Олар ішкі тұрақтылыққа нұқсан келтіріп, елдің тыныштығын бұзып отыр» дейді сарапшы.

Ерай Гучлуер, Еуразия және Азия стратегиялық зерттеу орталығының сарапшысы:

— Афринге әскер кіргізу – стратегиялық тұрғыда өте сауатты шешім. Мысалы, осыған дейін жүргізілген «Евфрат қалқаны» әскери операциясының қақтығыс аумағына назар аударыңыз. Оның батысы Африн, шығысы Манбидж. Ал Манбидж қаласының солтүстігінде Түркия орналасқан. Демек, қаласақ та, қаламасақ та Африннен соң, Манбиджке түрік әскері шабуылдайды. Өйткені шекара маңында қауіпсіз дәліз құру үшін осындай қадамға баруға мәжбүр.

Түркиялық МАК әлеуметтік зерттеу орталығы халықтың әскери операцияға қатысты пікірлерін білу үшін сауалнама жүргізді. Оның нәтижесіне зер салсақ, сауалнама қатысқан халықтың 85%-ы Сириядағы әскери қимылға қолдау білдірген. Тіпті азаматтардың 68%-ы ол соғысқа ерікті ретінде қатысуға да әзір екенін айтқан. Ыстамбұлдағы Еминөні ауданында 30 жылдан бері түрік туын саудалайтын Осман Йылмаз өзін осы елдің шынайы патриоты есептейді. Ол соғысқа аттанған жауынгерлер жеңіс байрағын желбіретіп, елге абыроймен оралатынына сенімді.

Осман Йылмаз, сатушы:

— Сириямен шекарада террорлық топтардан үлкен қауіп төніп тұр. Біз Американың қолдауымен лаңкестердің көзін құрту үшін әскери операция жүргізіп отырмыз. Өйткені ұлттық қауіпсіздігімізді көздің қарашығындай қорғауымыз тиіс. 30 жыл бойы осы терроризммен күресіп келеміз, отан үшін қаншама сарбазымыз мерт болды. Дегенмен «Зәйтүн бұтағы» әскери қимылынан үмітіміз зор екенін жасырмаймын. Себебі қарулы күштеріміз лаңкестер шоғырланған орындарды біртіндеп өз бақылауына алып жатыр.

Ержан Жүніс, тілші:

— Африндегі әскери операцияға күрд сепаратистері де қарап жатпай, табанды қарсылық көрсетіп жүр. Сириядағы күрд жасағы Түркияның Килис пен Хатай провинцияларын зеңбірекпен атқылаған. Оның салдарынан екі кісі қаза тауып, 39 тұрғын жараланған. Оған қоса қаладағы бірқатар ғимараттар жарамастай қирап қалыпты. Сол себепті Килис муниципалитеті қауіпсіздік мақсатында мектеп оқушыларының демалысын тағы бір аптаға созды. Ал ел үкіметі зардап шеккен халыққа қаржылай көмек көрсететін болды.

Дереккөзі: Хабар 24 телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *