Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарағандыда Сириядағы жанкештілерді емдеуді жоспарлаған әйел сотталды

Қарағанды. 7 ақпан. Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 29 жастағы жергілікті тұрғынды ҚР Қылмыстық кодексінің «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау» 3-бөлімі, 58-бабына сәйкес кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Сот шешімі бойынша енді ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесінің құрылымында өтейді.

Айта кетсек, Жансая Таңатарованың күйеуі де экстремизм бабы бойынша айыпталып, бұған дейін сотталып кеткен. Күйеуінің жолын әрі қарай жалғастырмақ болған әйел ДАИШ лаңкестік ұйымына қосылып, оның сапына жас жігіттерді тартпақ болған. Ол 17 жастағы қайнысы Сағи Жолдыбаевқа жалған құжат жасап беруге уәде беріпті және оны жасырын жолмен Сирияға жібергелі жатқанда Қауіпсіздік комитетінің құрығына ілінді.

Мемлекеттік айыптаушылар Жансаяның Сирияға шығу жоспарын тізбектеп үлгерді. Мамандардың айтуынша, әуелі Қарағандыдан Жамбыл облысына баруы тиіс болған әйел шекара асып, Қырғызстанға ұшуды ойластырыпты. Кейін Ыстамбул қаласына аттанып, сол жердегі лаңкестермен Сирия Араб Республикасына кетуді жоспарлаған.

Енді лаңкестерге қол ұшын бермек болған әйел өмірінің 9 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *