Нальчик, 8 ақпан. Қабарда-Балқарияда Нартан елдімекенінің тұрғыны Мәскеуде метро станцияларында жарылғыш зат орналасқаны туралы жалған ақпарат хабарлағаны үшін жауапкерлішікке тартылады, деп хабарлайды Кавказ сегодня.
Өткен жылдың қыркүйек айында ер адам өз үйінде отырып, ұялы телефонынан Чегем елді мекенінің жедел жәрдем бөліміне хабарласып, Мәскеу қаласының метро станцияларында жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан. Сонымен бірге бұл туралы тиянақты ақпарат білмеген. Ол жалған хабар беріп тұрғанын түсініп тұрған.
Мәскеу қаласының құқық қорғау органдыра метро аймағында тексеру жұмыстарын жүргізген, ешбір жарылғыш зат табылмаған.