Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризм актiсi туралы жалған хабар таратқаны үшін сотталды

Алматы. 15 ақпан. Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотымен қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Алматы қаласының баспасөз қызметі хабарлайды.

Соттың анықтауы бойынша, 2017 жылдың 22 қазанында сағат 03:00 шамасында Е., масаң күйде, 28 гвардияшы Панфиловшылар саябағының территориясында, Алматы қаласы Гоголь көшесі 40 орналасқан «Чукотка» түнгі клубына келеді. Е. клубқа кірерде, ойын-сауық орнының күзетшілері клубтың қонақтарды өткізу жүйесі тәмәмдалды деген мән-жайларды алға тартып, Е-ны клубқа өткізбейді. Сонда Е. қатты қапаланып, 03:27 сағаттар шамасында Е. «101» және «102» нөмірлері бойынша өрт сөндіру және полиция қызметіне қоңырау шалады, онда Алматы қ. өрт сөндіру және ОББ ІІД кезекші операторларына «Чукотка» түнгі клубына бомбаның – қопарғыш жабдықтың орналастырылғандығы жөнінде көрiнеу жалған хабар береді. Е.-нің көрiнеу жалған хабарына байланысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру және тексеру барысында, аталған ақпарат расталмай шықты. Қопарғыш зат түнгі клуб ғимаратынан да, «Чукотка» клубына жақын маңайынан да табылмады.

Сот мәжілісі барысында Е. жасаған қылмысының кінәсін толықтай мойындады және істеген ісі үшін өкінді.

Сот үкімімен Е. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 273 бабында көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *