Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елімізде интернет арқылы терроризм мен экстремизмді насихаттаушылардың қатары азаймай отыр

Астана. 16 ақпан. Сондықтан  Ақпарат министрлігі отандастарымызды лаңкестік  пен суицид жасауға үгіттейтін мыңдаған  сайтты жауып тастауға мәжбүр болған.

Дәурен Абаев, Ақпарат және коммуникациялар министрі:

-Министрлік ақпараттық кеңістікке тиісті заңның сақталуын қамтамасыз ету жұмысы бойынша жалғастырады. Өткен жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмыыс тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде осы сарандағы 230 мың  материал жойылды.

Ал Қазақстан әлем бойынша интернет пайдалану жағынан 36 орында тұр екен. Яғни, халықтың 77 пайызы әлеуметтік желілерде отырады деген сөз.  Енді Ақпарат министрілгі ауыл-аймаққа  да тегіс  интернет жеткізбек. 2020 жылға дейін шалғай елдімекендердегі  әкімдіктер онлайн-құжат толтыра бастайды. Тұрғындар аудан орталығына сабылмай, үйде отырып мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады дейді министр. Биыл қалаларда  көліктің  құжатын да интернет арқылы рәсімдеуге мүмкіндік туады екен. Қазіргідей  Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, ұзын-сонар кезек күтудің қажеті жоқ. Электронды  порталмен  тапсырыс беріп, «Қазпошта» арқылы құжататрды алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *