Жаңаөзен. 16 ақпан. Жаңаөзен қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің акт залында «Терроризм мен экстремизм идеологиясы: жастардың ортасындағы қарсы әрекет мәселесі» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Дөңгелек үстелге «Әбіш Қожа» мешітінің имамы Құрметхан Байғара, Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологы азаматтық қорғау майоры Жолдыбаева Дариға, Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, Теңге ауылы № 12 өрт сөндіру бөлімінің, сонымен қатар Қызылсай ауылы № 10 өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары және жеке құрамы қатысты.
Экстремизм мен терроризм мәнін әлеуметтік көрініс ретінде, олардың деструктивтілігі, заманауи өмірде біртіндеп үдеуі, сондай-ақ жастар ортасында таралмауын ескерту механизмдерін түсінуге қатысты мәселелерді талқылау өрт сөндірушілер арасында белсенді пікірталас ретінде орын тапты.
Мұндай шаралар жастарда экстреми зм мен терроризм идеологиясына деген беріктік және жағымсыз қатынасын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Жас ұрпақты радикалды экстремистік ұйымдарға тартуда бөгет жасалып жатыр. Сонымен қатар бұл экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және қарсы әрекет бойынша заманауи әдістердің жасақталуына және енгізілуіне мүмкіндік береді. Дөңгелек үстел барысында терроризмнің діни, құқықтық және ақпараттық-ағарту аспектілер талқыланды. Рухани-адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлерге, діни-саяси экстремизмге қарсы әрекетте азаматтық қорғау органдарының рөліне талдау жасалды. Жиналғандарға ағымға бет бұрғандардың басым бөлігі ғаламтор әдістері арқылы тартылғандығын айтып өтті. Шынайы өмірде жеңілгендіктен, виртуалды желілерде белсенді түрде үгіт-насихаттарын бастады. Аталған топтың ұйымдастырушылары мейлінше әлсіз психикасы бар адамдарды іздестіріп, оларға психологиялық қысым көрсету арқылы жастарды өз қатарларына түсуге мәжбүр етеді.
Дөңгелек үстел жақсы тату күйде өтті, алдағы уақытта атқарылатын тапсырмалар сөз етілді, сондай-ақ осы міндеттерді шешу жөніндегі мәселелер қарастырылды.
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы