Каир. 22 ақпан. Египет армиясы Синай түбегінің солтүстігі мен орталық бөлігінде лаңкестікке қарсы операция жүргізіп, 4 содырдың көзін жойды, деп хабарлайды Хабар 24.
Сонымен қатар әскери әуе күштері 8 нысанды талқандаған. Бұл туралы елдің күштік құрылым өкілдері хабарлады. Әскерилер лаңкестердің аймаққа жасырған қоймалары мен бекіністерін тауып, оқ дәрілерін тәркілеген.
Айта кетейік, Синай түбегіндегі әскери операция 9 ақпанда басталды. Осы уақыт аралығында 70-ке жуық экстремистің көзі жойылған.