Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жаңаөзендік құтқарушылар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын-алу шарасы ұйымдастырылды

Жаңаөзен. 26 ақпан. Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің акт залында «Терроризм мен экстремизм идеологиясы: жастардың ортасындағы қарсы әрекет мәселесі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырыс өтті, деп хабарлайды Тумба.kz.

Экстремизм мен терроризмнің деструктивті ағым ретінде қаупі, әлемнің әр түпкірінде оның біртіндеп үдеуі, сондай-ақ жастар ортасында таралмауын ескерту механизмдерін түсіндіруге қатысты мәселелерді талқылау шарасы өрт сөндірушілер арасында белсенді пікірталас ретінде орын тапты.

Мұндай басқосулар жастардың бойында экстремизм мен терроризм идеологиясын дұрыс түсіну және оларға деген жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Жас ұрпақты радикалды экстремистік ұйымдарға тартуда бөгет жасалып жатыр.  Сонымен қатар бұл экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға және қарсы әрекет бойынша заманауи әдістердің жасақталуына және енгізілуіне мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел барысында терроризмнің діни, құқықтық және ақпараттық-ағарту аспектілері талқыланды. Рухани-адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлерге, діни-саяси экстремизмге қарсы әрекетте азаматтық қорғау органдарының рөліне талдау жасалды. Жиналғандарға ағымға бет бұрғандардың басым бөлігі ғаламтор әдістері арқылы тартылғандығын ұйымдастырушылар айтып өтті. Арандатушылар шынайы өмірде жеңілгендіктен, виртуалды желілерде белсенді түрде үгіт-насихаттарын бастады. Аталған топтың ұйымдастырушылары мейлінше әлсіз психикасы бар адамдарды іздестіріп, оларға психологиялық қысым көрсету арқылы жастарды өз қатарларына түсуге мәжбүр етеді.

Дөңгелек үстелге қатысқандар: «Әбіш Қожа» мешітінің имамы Құрметхан Байғара, Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» психологы азаматтық қорғау майоры Жолдыбаева Дариға, Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, Теңге ауылы № 12 өрт сөндіру бөлімінің, сонымен қатар Қызылсай ауылы № 10 өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары және жеке құрамы.

Дөңгелек үстел жақсы  танымдық бағытта өтті, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы сөз етілді, сондай-ақ осы міндеттерді шешу жөніндегі мәселелер қарастырылды.

Қайнар:Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Суретті түсірген: «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *