Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«ЕЛБАСЫ БАСТАМАСЫ – ЖАҢА БЕЛЕСТЕРДІҢ ЖОЛБАСШЫСЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ (ФОТО

Астана, 6 наурыз. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы бүгін, 6 наурыз күні «Елбасы бастамасы – жаңа белестердің жолбасшысы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш шара үстіміздегі жылдың 5 наурызында Елбасының  Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында жасаған баяндамасының мәні мен маңызын талдап-түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филол.ғ.к. Әбдірәсілқызы Айнұр жүргізді. А.Әбдірәсілқызы Елбасы бастамаларындағы бүгінгі қоғам үшін маңызы зор әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, олардың дер кезінде жасалып отырған іргелі қадамдар екеніне тоқталды.

«Өз кезегінде діни ахуалдың жай-күйі де әлеуметтік жағдаймен тікелей байланысты, өйткені діни ахуал – әлеуметтік құбылыс. Дін саласындағы көптеген келеңсіздіктер әлеуметтік мәселелердің шешілмеуінен бастау алады. Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, Қазақстандағы терактілерге тікелей қатысқандардың 52%-ы әлеуметтік жағдайы төмен, баспанасыз және жұмыссыз азаматтар екен. Сонымен қатар 84%-ының арнайы діни білімі болмаған. Яғни Елбасы негіздеген әлеуметтік орта мен білім саласына қатысты бастамаларды орнықты түрде жүзеге асыру өз кезегінде теріс пиғылды діни идеологияның таралуына белгілі бір дәрежеде тосқауыл қоюға мүмкіндік беретіні айқын» деп атап көрсетті сарапшы.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған ҚР ДІАҚМ Дін істері комитетінің Діни экстремизмге қарсы күрес және оңалту басқармасының басшысы Бакиров Бауыржан Жәлелұлы Елбасы бастамаларының әсіресе жаңа буын жастар үшін айрықша тиімді екеніне тоқталса, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Яссауитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, теол.ғ.д. Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы мемлекеттік саясатта әлеуметтік қабаттарға емес, тұлға санасына назар аударыла бастағанын елеулі жетістік ретінде атап өтті.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің Дінтану кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.к., ҒЗТО жетекші ғылыми қызметкері Тышхан Кеңшілік қоғам мүшелері үшін әлеуметтік жағдайдың бірінші орында тұратынын жан-жақты негіздей келіп, Елбасы көтерген әлеуметтік бастамалардың орындалуы дін саласында да келеңсіз құбылыстар көрсеткішінің төмендеуіне мүмкіндік беретінін тұжырымдады.

Шара барысында «Терроризмге қарсы комитет» ҚБ төрағасы Оразбаев Аманжол Зейноллаұлы, «Ұлағат» мәдениет және даму қорының төрайымы Жұмақасова Қамажан Ғабдрашқызы, «Төртінші билік» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Балтабаев Төлемырза Темірбекұлы, тағы басқа білікті мамандар баяндама жасап, Елбасы ұсынған әлеуметтік шешімдердің жастарды жат пиғылдағы ағымдардан сақтаудың негізгі құралы, ал әлеуметтік тұрақтылықтың ішкі бірлікке бастар жол екенін жан-жақты қырынан талдап көрсетті. Қатысушылар Елбасы бастамаларын қоғамдық ортада кеңінен талқылап-түсіндірудің айрықша маңыздылығына назар аударды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *