Маңғыстау, 6 наурыз. Дүйсенбі күні, 5 наурыз, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асырылу барысы, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қары іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы қаралды.
Жиында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қары іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы туралы облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс-қимыл және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Сымбат Төретаев мәлімдеді.
Есепті кезеңде (2013-2017 жж.) ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері халық арасында 330 мың адамды қамтитын 2700-ден астам әр түрлі форматта іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде 989 шарамен 103 мыңнан астам жастар қамтылды.
«55 мыңнан астам балаларды қамтитын 9 әскери патриоттық клуб пен 86 жасөспірімдер клубы, «Жас ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жастар ұйымдары құрылды.Облыстағы барлық білім беру ошақтары заманауи қорғаныспен, дабыл жүйелерімен және бейнебақылау камераларымен 100% қамтамасыз етілген.Бұдан басқа, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде «Қауіпсіз қала» жобасын жүзеге асыру үшін көшелерде камералар орнату үшін 2,1 млрд. теңгеден астам (1800 бірлік) сыртқы бейнебақылауды кезең-кезеңмен қамтамасыз ету жоспарлануда, бірінші кезеңде ең қылмыстық аудандарда 500 камераны орнату жоспарлануда», — деді облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс-қимыл және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Сымбат Төретаев.
Ақпарат көзі: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі