Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Маңызды тарихи жетістік

Астана. 29 наурыз. 10 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Мем­­лекетіміздің бұдан әрі даму, өркендеу бағыттарын айқындайтын құжатта Елбасы: «Елі­міз­дің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құнды­лық­тарымыз ре­тінде қала беретін азаматтық, бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық ке­лісім», – деп ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы бұдан бұрынғы түрлі халықаралық жиын­­дар­да, құрылтайларда, саммиттерде сөйлеген сөздерінде де халқымыздың діни тұрақ­­ты­лығы үшін конфессияаралық келісім мен дінаралық сұхбаттастықтың қан­шалықты маңыз­ды екенін айрықша атап өтетін. Президент биылғы Жолдауында да Қа­зақстанның мә­мілегерлік және төзімділік пен тағаттылықты ту етіп ұстаған ілкі ұста­нымынан тан­бай­тынын тағы паш етті.

Қазақстан әуелден күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерді кешенді түрде қарас­тырып, сатылап шешу саясатын ұстанып келеді. Мәселен, қалың бұқараның әл-ау­қатын арттыруды және мемлекеттіліктің тұ­ғырын нығайта түсуді көздейтін саяси ре­формалар сәтті жүзеге асты. Ел эконо­ми­касы бір арнаға түскен шақта тарихи са­на­мызға сәуле түсіретін рухани жаңғыру ре­фор­маларын қолға алды. Биылғы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму мүмкіндіктерін қоса алғанда, Қа­зақ­станның төрт аяғын тең басқан өркениет кө­шіне ерген іргелі мемлекет құруға ұмтыл­ғанына әлем куә.

Қоғамда жіті бақылап, ұдайы назарда ұс­тайтын нәзік салалардың бірі – дін мәсе­лесі. Салада күрмеулі, шиеленісті және ше­тін мәселелердің бар екені жасырын емес. Әсіресе, соңғы жылдары орын алған оқыс оқи­ғалар бұл салаға немқұрайлықпен қарау­ға болмайтындығын көрсетті.

Елбасының 2016 жылғы Жарлығымен Дін істері және азаматтық қоғам министр­лі­гі құрылып, ведомствоға қоғамның осы са­ласын түбегейлі реттеу тапсырылған бо­ла­тын. Өткен жылы тұңғыш рет Қа­зақ­стан Республикасының дін саласындағы мем­лекеттік саясатының 2017-2020 жылдар­ға арналған тұжырымдамасы бекітілгені мәлім. Тұжырымдама мемлекеттік-кон­фес­сиялық және конфессияаралық қаты­нас­тарды жетілдіру, мемлекеттің зайырлы қа­ғидаларын нығайту және дінді деструк­тивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша ресми көзқарастар жүйесі болып та­былады. Министрлік күн тәртібіндегі жә­не туындауы ықтимал мәселелердің алдын алу мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Діни қызмет пен діни бірлестіктер ту­ралы мәсе­лелер бойынша Қазақстан Рес­публика­сы­ның жекелеген заңнамалық ак­тілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қалың бұқараның талқысына салды. Бұл жобаға ғалым-сарап­шылар мен дін саласындағы білікті маман­дар тартылып, олардың белсенді атсалыс­қан­дығын, заң жо­­басының жан-жақты зер­­­деленгенін ай­шық­­тайды.

Жобаның аталған уәкілетті органның ресми веб-порталына ілініп, өзге де мүдделі мемлекеттік ведомстволардың келісімі мен азаматтық қоғамның белсенді мүшелерінің қызу талқысынан өтуі, жобаның транспа­рент­ті құндылықтар жүйесімен әзірленген­ді­гін көрсетеді. Жақында еліміздің бірқатар маңыз­ды салаларын реттейтін тоғыз заң мен екі кодекске өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізуді көздейтін заң жобасы Пар­ла­мент Мәжілісінің қарауына жіберілді. Онда мынадай өзекті мәселелерін қамтылған:

  • діннің деструктивті және радикалды белгілеріне құқықтық баға беру;
  • кәмелет жасқа толмағандардың діни іс-шараларға қатысу тәртібін реттеу;
  •  шетелде діни білім алуды реттеу тетік­терін қарастыру;
  •  қоғамдық орындарда адамдардың бет-жү­зін анықтауға кедергі келтіретін киім үл­гі­леріне, қоғамдық қауіпсіздік үшін тыйым­дар жүйесін ұйымдастыру;
  •  діни бірлестіктердің қаржылық ашық­тығын қамтамасыз ету;
  •  мемлекеттік қызметкерлердің діни рә­­сім­дер мен жоралғыларға қатысуын рет­теу және т.б.

Жоғарыда аталған заңнамалық өзгеріс­тер мен кейбір құқықтық нормаларды қарау дін саласындағы өзекті мәселелерді оңтайлы ше­шуге бағытталған. Бұл өзгерістер еліміз­дің тұрақты діни ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында, халықаралық аренадағы діни қа­тынастарды құқықтық реттеу бойынша оң нәтижелерге ие шет мемлекеттердің озық тәжірибелері ескеріліп, жан-жақты зерт­­теліп, әзірленді. Мәселен, Әзірбай­жан­да кәмелетке толмаған жасөспірімдерді діни ағымдар мен олардың рәсім-жоралғыларына еркінен тыс тартуға немесе қатыстыруға қатаң тыйым салынған. Беларусь Респуб­ли­касының «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңының 39-бабында жасөспірімдерді діни ұйымдар мен олар өткі­зетін іс-шараларға еркінен тыс не бол­ма­са ата-аналарының (оларды алмасты­ра­тын тұлғалардың) рұқсатынсыз тартуға тыйым салынған және оны бұзу заңмен бе­кі­тілген жауап­кершілікке апарады.

Өз Отанынан тыс мемлекетте діни білім алуға келетін болсақ, бұл мәселе де халық­ара­лық тәжірибеге сүйене отырып, толық­қан­ды зерттелді. Мысалы, Тәжікстанда шет-ел­дерде діни білім алу тәртібі Үкімет қау­лысымен реттелген. Сондай-ақ бұл мем­ле­ке­­ттің заңнамасына сай, тек өз елінде бас­тапқы діни білім алғанннан кейін ғана өзге елде жоғары діни оқу орындарында білім алуға рұқсат етілген. Францияда азаматтары шетелде күмәнді діни оқу орындарында білім алғаны анықталса, арнайы қызмет ор­гандарының назарына алынып, елде орын алған кез келген лаңкестік әрекеттерге қатыс­­тылығының бар-жоғын анықтау үшін қатаң тексерістер жүргізеді. Айталық, 2015 жылғы «Шарли Эбдо» журналы редак­ция­сына жасалған террорлық шабуылды ұйым­дастырған ағайынды Кулибалидың бірі Йеменде діни білім алғандығы және ра­ди­калды діни көңіл-күйдің рекрутына сол геог­рафиялық аймақта тап болғаны белгілі болды.

Заң жобасында қоғамдық орындарда бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім үл­гісін киюге не болмаса пайдалануға тыйым салу мәселесі қарастырылды. Бұл мәселенің заң жобасында қаралуының се­бебі – бет-әлпетін тұмшалайтын киім кию үлгісі ата-баба мирас етіп қалдырған дәс­түрімізге, сан ғасырлық тарихымызға, мә­дениетімізге, рухани құндылықтарымызға және еліміздің зайырлы қағидаттарына жат болатын. Осыған байланысты былтырғы сәуірде ҚМДБ-ның өкілдерімен кездесу барысында Елбасы: «Діни сауатсыздықтың нә­тижесінде… қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары кө­беюде. Бұл – біздің дәстүрімізге де, хал­қымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киген», – деп айтқаны есімізде.

Бүгінде осы мәселені әлем елдерінің көп­шілігі құқықтық тұрғыда зерттеп, бет-ауызды тұмшалайтын киім үлгісін санкция­лауға көшті. Мәселен, Франция, Бельгия, Австрия, Германия және т.б. елдерде адам­ның бет-әлпетін тұмшалайтын киімге заң­ды түрде тыйым салынған. Яғни, заң жо­ба­сында көзделген барлық мәселелер – әлем ел­дерінің тәжірибелерінде бар дүниелер.

Сайып келгенде, бүгінде заң шығарушы ор­ганның қарауына өткен заң жобасы қо­ғамның нәзік саласын реттеуге бағытталып отыр. Олай дейтін себебіміз, бұл құжат дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бер­меуге негізделіп, мемлекет пен діни бірлес­тік­тердің арасындағы өзара ықпалдастықты арттыруға, қоғамда зайырлы қағидаттарды нығайтуға бағытталған. Яғни, дін саласын­дағы уәкілетті орган басқа да мемле­кеттік органдармен, діни бірлестіктермен және қо­ғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, елі­мізге жат діни ағымдардың идеологиясының таралуының алдын алатын маңызды құжат әзірледі. Бұл құқықтық құжат дін саласын реттеу арқылы ел қауіпсіздігін және Ата заңы­мызда көрініс тапқан зайырлы құнды­лық­тардың үстемдігін қамтамасыз етуде игі мақсаттарды басшылыққа алып, қоғам мен аза­маттардың мүддесіне қызмет ететін бо­лады. Елімізде дінге деген көзқарасына қа­рамастан, барлық азаматтардың заң ал­дын­да теңдік қағидаттарына және әрбір аза­мат­тың жеке наным-сеніміне құрметпен қа­рау­ға негізделген мемлекеттік-кон­фес­сия­лық қатынастардың зайырлы моделі қа­лыптасқан. Мемлекеттің зайырлы құры­лысы – Қазақстан халқының маңызды та­ри­хи жетістігі.

Берік АРЫН, 
Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *