Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияда 300-ден астам лаңкес үкімет әскерлерінің жағына өтті

Дамаск. 29 наурыз. Сирия әскерінің Шығыс Гутаны лаңкестерден тазарту шаралары әлі жалғасып жатыр. Тіпті 300-ден астам содыр үкімет әскері жағына өткен, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Бірақ олар мұндай жасаққа ену үшін алдымен құқық қорғау органдарының тексерісінен өтуі тиіс.

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Шығыс Гутадан 13 мыңнан астам содыр отбасымен бірге Идлиб провинциясына көшірілді. Ал аймақтан гуманитарлық дәліз арқылы соңғы айда 130 мыңға жуық бейбіт тұрғын деэскалация аймағына көшірілген.

Олар арнайы орындарға орналастырылып, тиісті көмек алып жатыр. Бейбіт тұрғындардың қақтығыс өңірінен шығуына 5 сағаттық гуманитарлық үзіліс мүмкіндік беріп отыр. Ол 27 ақпанда жарияланған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *