Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы басталды

Ақтөбе. 3 сәуір. Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жаңғырды. Жобаның 7 бағыты бойынша жұмыс топтары құрылып, бүгін бірінші кездесу Қандыағаш қаласында өтті. Мұғалжар ауданының Ембі, Жем, Ақкемер, Батпақкөл елдімекендерінде басталған жұмыс облыстың барлық аудандарын қамтиды.

Қандыағаш қаласында өткен кездесуге ақпараттандыру, әлеуметтік көмек беру және кәсіпкерлік бағыттағы топтар келді. Әрқайсысы өз саласы бойынша халықты бүгінгі күннің талабынан, жаңа бағдарламалардан хабарлар етті. Өткен жылы үш мәрте қайталған жобаның жұмысы жемісін берді дейді жергілікті билік өкілдері.

Елбасының биылғы Жолдау, Бес әлеуметтік бастамасы, «Бақытты бала» жобасы және «Аналарға тағзым» акциясы туралы кездесуде кеңінен айтылды. Ақсақалдар жағы қалталы азаматтарды туған жерге бет бұруға шақырды.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының ауыл-аймақ тұрғындары үшін тиімділігін тұрғындардың өздері айтып өтті.

Әлеуметтік және медициналық қолдау көрсету тобы 78 аз қамтылған отбасының әр қайсысының мәселесімен жеке таныспақ. Оның ішінде 12 отбасыға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жоспарлаған.

Бұдан соң, Қайрат Отаров бастаған топ аудандық жұмыспен қамту орталығына барды. Бұл жерде биылдан бастап мемелкеттік қызмет түрлері жаңа форматта көрсетіліп жатыр. «Бір терезе» қағидасының да тиімді тұсын тұрғындар сезініп үлгерген. Енді кәсіби оқуға сұранған жастар шағын несие алудан үміттері барын айтып, «Сыбаға» бағдарламасына қатысты сұрақ қойды.

Топ мүшелері «Кәсіпкерлік ортаның дамуы», «Әлеуметтік мәселелердің шешімі»,  «Рухани сұрақтар», «Ақпараттық жұмыс», «Теракт қаупіне дайындық», «Құқық қорғау шаралары», «Экстремизм мен терроризмді қаржыландырудың алдын-алу» бағыттары бойынша Мұғалжардың ауыл-аймағында 1 апта бойы жұмыс істейді.

Айгүл Байменова

Ақпарат көзі AqtobeTV

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *