Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда бірнеше ғимаратқа «мина қойылғанын» хабарлаған азамат іздестіріліп жатыр

Алматы. 5 сәуір. Алматы қаласында тағы да Мақатаев-Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан суши-барға, Төле би-Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы пиццерияға және Достық-Төле би көшелерінің қиылысындағы мейрамханаға «мина қойылды», деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, жарылғыш зат табылмады. Қазір арнайы қызметтер телефон арқылы жалған хабар таратқан террористі іздестіріп жатыр.

«Төрт объектіге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Бірақ ақпарат расталмады. Сондай-ақ, жалған хабар таратқандарға жаза қолдануды ешкім алып тастамағанын айтқымыз келеді. Қазір Алматының арнайы ІІД бөлімдері жұмыс істеп жатыр. Әрине, жедел шараларды жүзеге асыру белгілі бір уақытты талап етеді. Ерте ме, кеш пе кінәлі азамат немесе кінәлілер ұсталады. Мен, тіпті, мұны жасап отырғандардың біреу немесе бірнешеу екенін де білмеймін. Олар ҚР ҚК 273-бабына сәйкес жазаларын өтейтін болады», — деп мәлімдеді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *