Қазалы. 5 сәуір. Кеше Қазалы ауданы бойынша дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары және «Жас Орда» Жастар қоғамдық бірлестігі бірлесіп аудан жастары арасында деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мақсатында қоғамдағы жастар арасында асыра діншілдік пен діндегі шектен шығу мәселелері бойынша Қазалы гуманитарлы – техникалық арнаулы орта оқу орынында «Деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді. Бұл туралы Қазалы аудандық қоғамдық саяси газеті хабарлайды.
Кездесудің мақсаты қазіргі таңда белең алып жатқан экстремизм мен терроризмге қарсы жастар арасында тағатты діни сананы қалыптастыру мен рухани құндылықтарды түсіндіру және ҚР 2017-2020 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарлама аясында және жастардың діни сауаттылығын арттыру мен дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтарын түсіндіру, дінаралық татулықты нығайту және мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру және дәстүрлі емес жат ағымдардың белгілері мен зияны турасында түсіндіріп беру.