Ақтау. 6 сәуір. Дін істері басқармасы тарапынан жүргізіліп жатқан ақпараттық кездесу Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылындағы балабақшасының қызметкерлеріне арналды, деп хабарлайды Маңығстау облысының дін істері басқармасының баспасөз қызметі,
Шара аясында діни теріс ағымдар мен олардың өкілдері, экстремизм мен терроризмге апарар бастапқы жолдары туралы айтылды. Ең алдымен дұрыс ақпарат көздері мен кімнен, қалай діни білім алу керек екенін ойлап, дұрыстығына көз жеткізу қажет. Ақпарат қажет болған жағдайда үнемі сенімді дереккөздерге сүйене отырып, Ресми орындар көмегін алу керек деді топ өкілдері.
Мамандар аудитория сауалдарына байланысты бейітті зиярат ету, ырым-тыйымдар мен шариғаттағы киім мәселесіне тоқталды.
Кездесу соңынан діндегі асыра сілтеушілік, ағымдардың белгілері мен құран бағыштау, әулие басына бару сынды мәселелерге арналған жеке сауалдарға жауап берілді.